Бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан референдум учаскесіне барып дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, референдумға енгізілген өзгерістердің бәрі - жаңа өмірге жасалатын қадам болмақ
«Таңертең ертемен барып дауыс бердім. Бүгінгі тарихи оқиғадан кез келген адам тыс қалмау керек деп санаймын. Бұл таңдау менің, балаларымның болашағына қатысты болғандықтан өз таңдауымды жасадым. Референдумға енгізілген өзгерістердің бәрі - жаңа өмірге жасалатын қадам болмақ. Кейбіреулерде “бүгін дауыс бердік, ертең бүкіл өмір өзгеріп кетеді” деген түсінік қалыптасқан. Олай емес. Біз ол өзгерістерді өзіміз жасауымыз керек. Қуантарлығы, дауыс берушілер өте көп. Барлығы кезекке тұрып, дауыс беруде. Референдум туралы үгіт-насихат жақсы жүргізілгені көрініп тұр. Жалпы халық референдумның маңызын түсінді. Екі ұсыныс, таңдау болды. Болашағымызға қажетті ұсынысты таңдадық», – деді Сәуле Досжан.