Бүгін референдум барысында ел тұрғындары Конституциямыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауыстарын береді
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдарының қызметкерлеріне референдум өткізу кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жүктелген. Сондықтан жалпы ішкі құрам күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр. Бюллетеньдерді әкелердің алдында бүкіл сайлау учаскелері қауіпсіздікке қатысты тексерілді. Осы орайда өрт қауіпсіздігі жүйесі де қамтылды», – деді А. Арыстанов «Қазмедиа» орталығында өтіп жатқан «Референдум» онлайн-марафонында.
Осы орайда ол ел аумағындағы жағдай тұрақты екенін айтты.
«Жалпы еліміз бойынша жағдай тұрақты. Ешқандай бұзақылық деректері тіркелмеді», – деді комитет басшысы.
Бүгін референдум барысында ел тұрғындары Конституциямыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауыстарын береді.