Референдум – бүкіл халықтық демократияның бастамасы

17.05.2022 18:58
Almaty.tv

Референдум – халықтың нақты бір мәселеге байланысты пікірі, көзқарасы, таңдауы. Осылай деген «Алматыбасжоспар» ғылыми зерттеулер шеберханасының жетекшісі Жанат Айтілеу Ата заңға  өзгерістер енгізу үшін бүкіл халық болып белсенділігімізді арттыруымыз қажет деп есептейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, референдум  –  бүкіл халықтық демократияның бастамасы.

«Бұл – қазіргі қоғамдағы, еліміздегі өзгерістердің бірі. Халықтың арасындағы демократиялық өзгерістер үрдісінің көрінісі ғой. Ата заңымыздың өзгерістеріне бүкіл халық болып, дауыс беріп жатсақ әрі қарай да, халқымыз белсенділігі артып, біраз өзгерістер бола ма деп үміттеніп жүрміз. Соған сенеміз де», – деді «Алматыбасжоспар» ғылыми зерттеулер шеберханасының жетекшісі Жанат Айтілеу.