Студенттермен кездесуде Ата-заңға енгізілетін жаңа өзгерістер талқыланды
Жаңа Қазақстанның берік құқықтық іргесін қалауға бағытталған стратегияның маңызын дәріптеу. Осы мақсатта бүгін мәслихат депутаты Руслан Нұрлыбаев Алматы жастарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Студенттермен кездесуде Ата заңға енгізілетін жаңа өзгерістер талқыланды.
«Бұл Ата заңымызға енгізгелі жатқан 33 баптағы өзгертулер мен толықтыруларды Алматылықтар қолдайды деп ойлаймыз. Бұл – көп жылдар бойы халықтың ұсынысынан, сұранысынан туындаған мәселе. Сондықтан да 5 маусым күні алматылықтар, яғни, 18 жасқа толған жастарымыз дауыс беруге келеді деген үміттеміз», – деді мәслихат депутаты Руслан Нұрлыбаев.