«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді». ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Серік Ақсұңқарұлы референдум туралы осылай ой қорытты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ақын Ата заңымызға өзгеріс енгізу – тұтас халықтың тағдырын шешіп, болашағын жарқын етуге, еліміздің өркениетті елдер қатарында көш бастауына мүмкіндік береді деген пікір білдірді.
«Мына референдумда «қазақтың ұлттық байлығы – халықтың байлығы, халықтың меншігі» деген сөз бар. Неге референдумға шығарып отыр бұны? Халық көрсін, халық болашағына көзі жетсін, келе жатқан алтын заманды көрсін деп отыр. Сондықтан біз Президент Тоқаевтың саясатын бір ауыздан қолдап, референдумда дауыс беруіміз керек», – деді ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Серік Ақсұңқарұлы.