|
25.05.2022 | 14:06
996

Жаңа Қазақстанды құруда реформаларды жаңарту аса маңызды

Қалалық мәслихат депутаттары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен кездесті

Жаңа Қазақстанды құруда реформаларды жаңарту аса маңызды Almaty.tv

Жаңа Қазақстанды құруда реформаларды жаңарту аса маңызды. Бұл демократияға жол ашатын мүмкіндік. Осылай деген қалалық мәслихат депутаттары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Кездесуде Ата заңға енгізілетін өзгерістерге тоқталып, студенттер көкейде жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

«Саяси және заңды білімі бар адамдар бұны оқыған кезде түсінеді. Біз суперпрезиденттіктен республикалық президенттік парламенттік мемлекетке көшеміз. Бұл демократияға жол ашатын мүмкіндіктер деп ойламын. Конституциядағы баптарды талқылауға халық  атсалысып жатыр», – деді қалалық мәслихат депутаты Есенгелді Талбидинов.

«Алдағы уақытта референдум еліміздегі ең оңтайлы шешімдердің бірі деп есептеймін. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдаған Конституцияға толықтырулар мен өзгертулер енгізуі еліміздегі бір ең бір оңтайлы шешімдердің бірі деп ойлаймын. Еліміздегі барлық жастар мен тұрғындарды алдағы уақыттағы республикалық референдумға дауыс беруге шақырамын», – деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Аңсаған Жұматай.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир