Амантай Берғалиев: Референдум біздің болашағымызды айқындайды

25.05.2022 19:18
Almaty.tv

«Референдум біздің болашағымызды айқындайды» дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Берғалиев. Ол дауыс беретін күнді асыға күтіп жүр, деп хабарлайды Almaty.tv

Ол өзінің немерелерінің болашағы үшін аянып қалмайтынын айтады. Сондай-ақ отандастарымызды осыған бей-жай қарамауға шақырды.

«Бұл референдумның маңызы мен үшін де әрбір мен деген Қазақстан азаматы үшін де маңызды деп санаймын. Референдумға қатысамын», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Берғалиев.