Алматылықтар референдум жайлы пікірін білдірді

27.05.2022 20:14

Олардың айтуынша, Жаңа Қазақстан құру үшін жаңа көзқарас керек

Елімізде 5 маусымда жалпыхалықтық референдум өтеді. Осыған байланысты белгілі актер, "Таңғы STUDIO" бағдарламасының жүргізушісі Бауыржан Сатов қала тұрғындары мен қонақтарынан  референдумға қатысты пікірін білді. Олардың айтуынша, Жаңа Қазақстан құру үшін жаңа көзқарас керек. Сонымен қатар алматылықтар 5 маусымда референдуға барып, өз таңдауын жасайтынын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

«Конституциядағы 33 бапқа 56 өзгеріс енеді. Референдумға барып өз таңдауымды жасаймын. Халықты Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамын», – деді қала тұрғыны.

Сондай-ақ алматылықтар мен қала қонақтарының референдум жайлы пікірін толығырақ бейнероликтен көре аласыздар.