Заңгердің айтуынша, 33 баптағы барлық өзгеріс адамның құқығын қорғайды
Халық Парламент рөліне еніп, шешімнің соңғы нүктесін өзі қоймақ. Естуші мемлекеттің мәні осында. Бұл – заңгер Қазыбек Дәуітәлиевтің пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның айтуынша, 33 баптағы барлық өзгеріс адамның құқығын кемсітпейді. Керісінше нығайта түспек.
«Бүгінгі таңда адам құқығын қорғайтын мемлекеттік механизм бізде толық емес еді. Әлемдік стандарттарға жауап бермейтін. Яғни Конституциялық сотымыз жоқ еді, мемлекеттің механизмі ретінде. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты Конституция деңгейінде бекітіліп отыр. Ол дегеніміз адамға деген мәселенің өзгеріп отырғанын көрсетеді», – деді заң ғылымдарының кандидаты Қазыбек Дәуітәлиев.