Шетелдегі қазақстандықтар сайлауда белсенділік танытты

05.06.2022 21:56

Шетелдегі қазақстандықтар сайлауда белсенділік танытты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Азаматтарымыз оқуда жүрсе де, жұмыс бабымен елден жырақта болса да, өз таңдауын жасап, азаматтық борышын орындап жатыр. Солардың бірі – еліміздің Халықаралық Түрксой ұйымындағы өкілі Бақытжан Омар.

«Бүгін Түркия Республикасында уақытша жұмыс істеуіме байланысты  Анкара қаласында орналасқан ҚР елшілігіндегі № 286-сайлау учаскесіне таңсәріден келіп отбасымызбен бірге. Өз Конституциялық құқығымызды пайдаланып, дауыс бердік. Жалпы, сайлау учаскесіне келіп жатқан ҚР азаматтары өте жоғары белсенділік танытып жатыр», – деді ҚР Түрксой ұйымындағы өкілі Бақытжан Омар.

Ал Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында таңғы сағат 07:00-де ашылған учаскеге алғашқылардың бірі болып отандасымыз Әсел Ерғалиқызы да барып, дауысын берді. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты жалпыхалықтық референдумде таңдауын жасапты.

«Бізде айтулы күн болып жатыр.  Бүкіл қазақстандықтар референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасап жатыр. Мен де Ұлыбританияның Лондон қаласында азаматтық борышымды атқаруға келіп тұрмын», – деді UCL университетінің магистранты Әсел Ерғалиқызы.