Референдумда дауыс беру арқылы жер және оның қойнауындағы қазба байлық халыққа тиесілі болады
Жер халықта болуы шарт. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Алматы қаласы мәслихат депутаты Ермахан Ибраимов пікірін осылай білдіріді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Референдумда дауыс беру арқылы жер және оның қойнауындағы қазба байлық халыққа тиесілі деп жазды спортшы Instagram парақшасында:
«Ғасырлар бойы елі мен жері үшін шайқасқан қазақ халқы үшін басты байлық пен асыл дүние «жер» деп айтсам қателеспеймін. Неге біздің жерімізді, біздің келісімімізсіз шенеуніктер таратуы керек? Неге шетелдіктер біздің жерді пайдаланып, қазба байлықтарды сатып, тапқан пайданың халыққа тиесілі мөлшерін неге бермеуі керек? Жер халықта болуы шарт. Осы өзгерістерді мен Конституцияға енгізілейін деп жатқан баптар ішінен көрдім. Референдумда ел қамы үшін арналған өзгерістерге дауыс берсек, жер, оның қойнауындағы қазба байлықтар және өзге де дүниелер халыққа тиесілі болады. Екінші Республика – әділетті Қазақстан, елін ойлайтын мемлекет болатынына кәміл сенемін».