Референдум-2022: Елорда тұрғындары дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты онлайн ала алады

16.05.2022 20:56

Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz «электрондық үкімет» порталына жүгіну қажет

Ашық дереккөз

5 маусымда Қазақстанда жалпы республикалық референдум өтеді. Елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскелері туралы мәліметтерді онлайн режимінде ала алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі өзінің дауыс беру учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде келесі арналар арқылы алуға мүмкіндік береді:

Ресми веб-сервис: https://referendum.astana.kz/

Telegram-дағы чат-бот: https://t.me/ns_referendum_bot

«Қалалық қызметтер» бөліміндегі «SmartAstana» мобильді қосымшасы:

Android: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.citysoft.smartastana&hl=ru

iOS: https://apps.apple.com/kz/app/smart-astana/id1080928295

IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.

Азаматты белгілі бір дауыс беру учаскесінде референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша, осы учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болатындығын атап өткен жөн. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz  «электрондық үкімет» порталына жүгіну қажет. «Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.

Қалалықтардан республикалық референдумға қатысып, конституциялық құқықты іске асыруды сұрайды, өйткені әр адамның дауысы маңызды!