Олардың айтуынша, мемлекеттік басқару ісіне атсалысу үшін азаматтарға кең мүмкіндік берілді
Саяси жүйені түбірімен өзгертіп, мемлекеттік басқару ісіне атсалысу үшін азаматтарға кең мүмкіндік беру - Президенттің биылғы Жолдауында айтылған бастамалардың негізгі мақсаты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Енді еліміз саяси науқанның алдында тұр. Қазақстанның әр азаматы референдумға белсенді қатысуы қажет деген Алматыдағы қоғам қайраткерлері халықты алда өтетін жалпыхалықтық дауыс беруге бір кісідей атсалысуға шақырды.
«Бұл қазіргі жан-жақты болып жатқан жағдайға байланысты мемлекетіміздің күшеюіне, нығаюына өте қажет деп ойлаймын. Сосын жаңа Парламенттің ықпалдығы, үкіметтің есеп беруі қарастыралады дейді. Менің ойымша, халық қатысуы тиіс», – деді ҚР Cуретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов.
«Өткен аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізі ұсынған еді. Халық үміт күтіп отыр. Жаңа Қазақстанның өскенін, өнгенін халықтың жақсы өмір сүріп, әлем танитын ел болуын қалаймын», – деді «Сазген сазы» фольклорлы- этнографиялық ансамблінің әртісі Тілек Оразалиев.