Саясаткерлердің айтуынша, Қазақстанның саяси, әлеуметтік, әрі экономикалық дамуы алдымен халықтың әлеуеті үшін керек
Саяси-экономикалық реформалар қоғамда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Almaty. tv тілшісі.
Бұл ретте ел президенті де ой мен ұсыныстың ашықтығына мән беру керектігін айтқан еді. Себебі Қазақстанның саяси, әлеуметтік, әрі экономикалық дамуы ең алдымен халықтың әлеуеті үшін керек. Осылай деген саясаткерлер бүгін Конституциялық реформаның құқықтық негізін талдап, оның аспектілеріне жан-жақты тоқталды.
«Рас, елімізде наразылық бар, уәж айтылып жатыр, түрлі талап қойылды. Меніңше, мәселені ушықтырмай, мейлінше өркениетті, мәдениетті сақтап, заңдық жолмен, референдум мен сайлау, сайлауға түсу арқылы, өз саяси партияңды ұсыну арқылы, өз саяси қозғалысыңды құру, атсалысу арқылы жүргізуге болады. Бұл айналып келгенде өркениетті әлемнің қолданып отырған практикасы», – деді саясаткер Расул Жұмалы.
«Кез келген мемлекет үшін саяси реформа тарихи мәнге ие» дейді мамандар. Ал бұл жолда елдің ақ-қараны ажыратып, барынша сауатты әрекет етуі аса маңызды.
«Референдум өткелі ширек ғасырдан асты, 2-рет өткізілейін деп тұрған референдум және трансформациялық өзгерістерге әкеледі. Бірақ мәселені ушықтырмай, ішкі-сыртқы саяси ықпалдарды ескере отырып, осындай өзгерістерге абайлап бару керек деп ойлаймын», – деді философия ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Сатершинов.