Оның айтуынша, бұл жанама сайлау өңір әкімдерін сайлаудағы алғашқы қадам
Алматы қалалық мәслихат депутаты Қуаныш Тұрабаев Конституциядағы әкімдерге қатысты өзгерістер туралы Ғacebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ол алғаш рет қала әкімінің кандидатурасын бекіту бойынша дауыс беруге қатысқанын айтты.
«Менің депутат болғаныма шамамен 1 жылдан астам уақыт өтті. Соның ішінде алғаш рет қала әкімінің кандидатурасын бекіту бойынша дауыс беруге қатысуға мүмкіндігімді пайдаландым. Бұл лайықты шешім деп ойлаймын. Ал егер сәйкес келмейтін кандидатураны ұсынса не болар еді деген ойлар келеді. Демек, «Қарсы» дауыс беру бұл – Президенттің ұсынысына қарсы дауыс беру. «Қолдаймын» деп дауыс беру бұл лауазымға ұсынылғандармен үнсіз келісу», - деді Мәслихат депутаты.
Оның айтуынша, бұл жанама сайлау өңір әкімдерін сайлаудағы алғашқы қадам.
«Мұны сайлаушыларға қалай түсіндіруге болады. Дегенмен бұл сұрақтың жауабын Конституцияға енгізуге жоспарланған жаңа түзетулерден табуға болады.
Мәселен, Мемлекет басшысы мәслихаттардың бекітуіне жіберілетін әкімнің кандидатурасы екі, немесе бесеу болуы керек деген ұсыныс айтты.
Менің ойымша, бұл жанама сайлау өңір әкімдерін сайлаудағы алғашқы қадам», - деді ол.