Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы референдумда дауыс берді

05.06.2022 21:22

Бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан №59 референдум учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгін осы елдің азаматы ретінде Әділетті, Жаңа Қазақстан құру жолында жасалып жатқан игі бастамаларды қолдап, референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Біз ел болашағын жарқын ету жолындағы тарихи қадамдарды қолдаймыз және халықты бірлік пен ынтымаққа үндейміз. Бүгінгі референдум жоралы жұртымыздың бірлігі мен берекесі үшін оң серпін береді деген сенімдемін. Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етіп, тәуелсіздігімізді баянды еткей. Әмин», – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Естеріңізге сала кетейік, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 6 262 973 адам дауыс берді. 

Бұл – тізімге енгізілген азаматтардың 53,43 пайызы. Заңға сәйкес, егер референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса референдум өткізілген деп саналады. Осылайша, аумақтық референдум комиссияларының деректеріне сәйкес, заңмен белгіленген келушіге қол жеткізіліп отыр.