Арман Жүдебаев: Отандық және халықаралық байқаушылар референдумға жоғары баға берді

«AMANAT» партиясы
«AMANAT» партиясы
Жаңартылған Конституциямызды дауыс берушілердің көпшілігі қолдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

AMANAT партиясы Алматы қалалық штабының мүшесі және  қалалық мәслихатының депутаты Арман Жүдебаевтың референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтарымыздың 70 пайыздан астамы өз таңдауын жасағаны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Оның айтуынша, бұған отандық және халықаралық байқаушылар жоғары баға берген.

«Міне, маңызды саяси науқанды еліміз абыроймен өткізді. Дауыс беруге құқығы бар азаматтарымыздың 70 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған референдумға отандық және халықаралық байқаушылар жоғары бағасын беріп жатыр. Жаңартылған Конституциямызды дауыс берушілердің көпшілігі қолдады. Өте қуаныштымыз», – деді ол.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев референдум нәтижелері бойынша халыққа үндеу жасады. Жаңа Қазақстанды құру жолында қолдау білдіріп, атсалысып жатқан барша халыққа ризашылығын білдірген Мемлекет басшысы, бұл жұмыстардың жаңарудың тек басы екенін айтып, әлі атқарылуы тиіс талай мәселе барына баса назар сала келе: «Біз қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін түбірімен жаңғырта білуіміз керек. Сонда ғана барлық салада түбегейлі өзгеріс жасай аламыз.

Жаңа Қазақстанның ең басты байлығы – халық. Ал, ең негізгі мақсаты – азаматтардың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету. Әрбір азаматымыз саяси өзгерістер мен экономикалық өсімнің жемісін көруі қажет. Құрғақ уәде мен бос сөз ешқайда апармайды. Мен үшін нақты іс пен шынайы өзгеріс бәрінен маңызды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін бар күш-жігерімді саламын», – деп түйіндеді.

Әділетті Қазақстан құруда, ұлан-байтақ жерімізді, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, бабалар аманатын келер ұрпаққа жеткізу ісінде Алла бізге Жар болсын, деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Арман Жүдебаев.

Новости партнеров