Референдумда халық өз таңдауын жасады – Серікқали Құрманбаев

07.06.2022 21:33

Серікқали Құрманбаевтың айтуынша, депутаттар халықпен тығыз байланысын күшейтті

«AMANAT» партиясы

Тәуелсіз Қазақ елінің тарихында Ата заңға өзгерістермен толықтырулар енгізу бойынша екінші рет бүкілхалықтық референдум 05 маусымда өтті. «AMANAT» партиясы Алматы қалалық штабының мүшесі Серікқали Құрманбаевтың айтуынша, референдумда депутаттар халықпен тығыз байланысын күшейтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«AMANAT» партиясы Алматы қалалық штабының мүшесі Серікқали Құрманбаев референдумда еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін өзгерісті күтіп жүргенін атап өтті.

«Референдумда халық өз таңдауын жасады. Мемлекет басшысының кешегі жолдауында алдымызда қандай ауқымды жұмыстар тұрғанын анық байқауға болады. Референдум-бұл бастамасы ғана. Парламент тарапынан ондаған Конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және бірнеше жаңа заңдарды қабылдау қажеттілігі туындап тұр. «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі депутаттары Республика бойынша 1000-нан аса кездесу өткізіп, референдумның маңызын халықтың арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы жолы ойға түйгенім депутаттарымыз халықпен тығыз байланысты күшейткен сияқты. Қарапайым халық тарапынан тек қана референдумға байланысты емес, сонымен қатар толғандырған сұрақтарын тікелей қойып орындалуын талап етіп жатыр. Жаңа Қазақстанның шеті көрінейін деп қалдыма деген ой кетті. Мемлекет басшымыздың бастамасы жаман емес. Елімізідің болашағы үшін деп еңбек етіп жүрген азаматтардың бірі екеніне көзіміз жетіп отыр. Алла өзі амандығын беріп, болашақ үшін Жаңа Қазақстанды құруда еңбегімізді еселене берсін деп тілеймін», – деді «AMANAT» партиясы Алматы қалалық штабының мүшесі Серікқали Құрманбаев.