Түсіндіру жұмыстары – өте маңызды саяси шара
Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан «Балдәурен» оңалту орталығы мүгедек балаларға консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсететін AMANAT партиясының мүшелерін қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Партиялықтар, оның ішінде мәжілісмендер Сырым Адамбаев, Қанат Нұров және партияның қалалық штабының мүшесі Ерболат Қасымов 5 маусымда өтетін референдум бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына соңғы штрихтарды енгізді.
«Түсіндіру жұмыстары – өте маңызды саяси шара. Мен алматылықтарды референдумға қатысуды маңыздылығын жеке-жеке түсіндірудемін. Өйткені барлығы барынша адал және ашық болады. Бұл ретте, Конституцияға түзетулерді тек халық қана бекітуге құқылы», - деп атап өтті партияның республикалық штабының мүшесі Қанат Нұров.
Оның депутаттық корпус бойынша әріптесі Сырым Адамбаев мегаполистегі жұмыстың алдын ала қорытындыларын да шығарды.
«AMANAT партиясының республикалық штабының мүшесі бола отырып, біз Алматы тұрғындарының басым бөлігінің 5 маусымдағы референдумға қатысуға дайын екендігіне өз көзімізбен көз жеткіздік. Бұл іс жүзінде елдің болашағын анықтайтын тарихи оқиға», - деп қорытындылады С. Адамбаев.