Алматы қаласының кәсіподақтары референдум өткізу туралы бастаманы қолдайды

17.05.2022 21:49

Кәсіподақтың өнірлік штабының мүшелері 40-тан астам кездесу өткізді

Vecher.kz

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Мемлекет басшысының Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдай отырып, 6 мамырда кәсіподақ мүшелеріне Үндеу қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алматы қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Зәуреш Өмірбаева айтуынша, Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының шешіміне сәйкес Алматы қаласы бойынша өңірлік штаб құрылды.

Бүгінгі таңда Алматы қаласының кәсіподақ активі 5 маусымда референдум өткізу және Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсенді түрде атсалысып жатыр.

Кәсіподақтардың өнірлік  штабының мүшелері еңбек ұжымдарымен 40-тан астам кездесу өткізді.  Кездесулер 3 маусымға дейін жалғасады. 150-дан астам кездесу жоспарланған. Кәсіподақтар орталығы ҚРКонституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша оқыту семинар өткізді. Жұмыс жалғасады. Өнірлік штабымыздың мүшелері YouTube арнасында қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне арналған республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу туралы оқыту семинарын қатысты. Семинарды ұйымдастырған ҚР референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы мен   Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі.

«Алматы қаласының кәсіподақтары Мемлекет басшысының Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдайды және   барша қазақстандықтарды  5 маусымдағы референдумға қатысуға  және қоғамның демократиялық  процестерге араласуы үшін, Жаңа Қазақстанды құру жолындағы демократиялық өзгерістер үшін дауыс беруге шақырады. Негізгі Заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қорғауға бағытталған», – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Зәуреш Өмірбаева.