Мәжіліс депутаттары ҚХА өкілдерімен кездесті

02.06.2022 22:01

Жиында Конституцияға енгізілетін өзгерістер сөз болып, түрлі ұсыныстар айтылды

«Жаңа Қазақстанды бірге құрайық». Бүгін Мәжіліс депутаттары ҚХА өкілдерімен арнайы кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиында Конституцияға енгізілетін өзгерістер сөз болып, түрлі ұсыныстар айтылды. Ұтымды пікірлер Парламентте көтеріледі. Сондықтан халық қалаулылары қазақстандықтарды 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумға белсене қатысуға шақырды.

«Не өзгеріс болады? Қазақстанға қалай әсер етеді? Аудандарға барып, халықпен кездесіп, түсіндіріп жатырмыз. Біз кеше ғана Тараз, Жамбыл облысына  этнос өкілдерін жинадық», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәкіржан Күзиев.