Өмірдің басты құндылығы – адам
Алматы қалалық мәслихат депутаты Әсия Ақанова Конституциядағы Қылмыстық кодекске қатысты өзгерістер туралы Ғacebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Әрбір қылмыстың өзіндік жазасы бар. Қылмыстық кодексте барлығы жеткілікті түрде егжей-тегжейлі жазылған. Соның ішіндегі ең ауыры үшін өміріңізбен қоштасуға болады. Қазақстанда ресми түрде мораторий болды, бірақ бап пен жаза еш жерге жоғалып кеткен жоқ. 5 маусымда елімізде өлім жазасына тыйым салу мүмкіндігіне ие боламыз. Сіз біреудің өмірін қия алмайсыз, бұл өткен ғасырлардың қалдықтары. Мен бірінші кезекте өлім жазасына тыйым салу үшін дауыс беремін. Адам өмірі ең маңызды нәрсе, Алланың бергенін тек Алла ғана алады. Адамның басқа адамның өмірін қиюға құқығы жоқ. Бұл өмірдің басты құндылығы», – деді депутат.