Алматыда қалалық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс ІХ съезі өтті

 Almaty.tv
Almaty.tv
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында ардагерлер кеңесі құрылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңадан құрылған Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында ардагерлер кеңесі құрылады. Бұл туралы Алматыда өткен қалалық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс ІХ сьезінде белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің мүшелері 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мән-маңызын талқылады. Әр өңірден онлайн қосылған ардагерлер Президенттің бұл ұсынысын бірауыздан қолдайды.

«Арнайы осы мәселе жөнінде бірталай ұсыныстар болды. Референдум ұйымшыл жақсы өтеді. Ал 230 мыңдай ардагерлер кеңесі мүшесі бірауыздан қолдайды деп сенім білдіреміз», – деді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов.

«Еліміздегі саяси өзгерістерді талқылап құптадық. Енді елімізде де, мемлекетемізде де тыныштық, ауызбіршілік болсын халықтың арасында», – деді  қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Сәт Тоқпақбаев.

Новости партнеров