Мәжіліс депутаты театр ұжымымен кездесті

Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Белгілі саясаттанушы Саясат Нұрбек Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұл туралы ол Фейсбук парақшасында жазды.

"Конституциялық реформа бойынша түсіндірулерге негізделген кездесулеріміз жалғасуда. Осы мақсатпен бүгін Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымымен кездесу өткіздік.

Театр ұжымына реформалардың маңызы, ел дамуы жолында қандай оң өзгерістер орын алатыны жайлы айтылды. Кездесуге келгендерге алдағы айда өтетін сайлау шарасының маңызын түсіндіріп, науқанға қатысты барша сұрақтарына толыққанды жауап беруге тырыстық.

Айта кетейік, 5 маусым күні республикалық референдум өтеді. Оған сай Конституциямыздың 33 бабына түзетулер енгізу көзделіп отыр. Түзетулер бойынша түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасын таппақ" - деді ол.


Новости партнеров