|
11.05.2022 | 18:30
3267

Референдумда енгізілетін түзетулер келесі жылы күшіне енеді

Конституциялық Кеңес мүшесінің айтуынша, референдум Қазақстанның саяси жүйесін түбегейлі өзгертеді

Референдумда енгізілетін түзетулер келесі жылы күшіне енеді Almaty.tv

Референдумға шығарылатын Конституцияға түзетулер келесі жылдың басынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Конституциялық Кеңес мүшесі Рахмет Мұқашев бұл уақытқа дейін мемлекеттік құрылымдар қызметінің барлық қыр-сыры реттелетінін айтты. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы енгізетін өзгерістер мен толықтырулар мәні мен мазмұны жағынан елеулі, іргелі негіз болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, референдум Қазақстанның саяси жүйесін түбегейлі өзгертеді.

«Айта кету керек, Президент біздің елде ешқашан болмаған және әлемде сирек кездесетін  өзгеріс енгізді. Мемлекет басшысының жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметші бола алмайды және квазимемлекеттік секторда басшы лауазымдарды атқара алмайды. Менің ойымша, бұл өте күшті ұстаным және мемлекет басшысына деген құрмет», – деді ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі Рахмет Мұқашев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир