Елімізде дауыс бергендер саны 7 миллионнан асты

05.06.2022 в 23:31

Референдум нәтижесі сағат сайын өзгеріп жатыр

Референдумның аяқталуына аз уақыт қалды. Орталық референдум комиссиясының мәліметі бойынша, халықтың 65,04 пайызы Конституциялық құқығын пайдаланған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Референдум нәтижесі сағат сайын өзгеріп жатыр. Дауыс беру әлі де жалғасып жатыр. Саяси науқан бірер сағаттардан кейін аяқталады. Комиссиясының соңғы ақпараты бойынша 7 млн.624 мыңнан астам адам  өз таңдауын жасаған. Аймақтар бөлінісінде атап өтсек, Түркістан облысы 78.24 процентпен алға шыкты. Одан кейін Қызылорда облысы 75,2, Қарағанды облысы 73.31 пайызбен  пайызбен көш басында. Сонымен қатар келесі өңірлерде көрсеткіш жаман емес.


«Халықтың 50 пайыздан астамы дауыс бергендіктен референдум өтті деп есептеледі. Алайда оның толық қорытындысы алдағы сағаттарда белгілі болады. Сәлден соң СІМ шетелдегі қазақстандықтардың дауыс беруі туралы акпарат береді. Ол жөнінде  біз алдағы эфирде айтатын боламыз», – деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.