Жалпыхалықтық дауыс беруге 11 күн қалды

25.05.2022 23:37

Іс-шарада қоғамдық кеңес мүшелері, саясаттанушылар сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды

Almaty.tv

Жалпыхалықтық дауыс беруге 11 күн қалды. Бүгін Алматыда референдумға ұсынылған жобаны талқылау мақсатында арнайы кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Саяси реформаның әр тармағына жеке тоқталған қатысушылар дауыс бермес бұрын барлық ақпардан хабардар болған абзал дейді. Іс-шарада қоғамдық кеңес мүшелері, саясаттанушылар сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.

«Референдумға барайық. Өз үлесімізді қосайық. Жаңа Қазақстан өркендей берсін», – деді қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Думан Қапасов.