Құқық үстемдігі саласында ең ірі өзгерістердің бірі – Конституциялық сот құру

18.05.2022 23:37

Б. Нұрмұханов мемлекеттік маңызы бар өзгерістердің тағдырын азаматтар шешетінін айтты

Almaty. tv

Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейтіледі. Конституциялық кеңестің аппарат басшысы Бақыт Нұрмұханов мемлекеттік маңызы бар өзгерістердің тағдырын азаматтар шешетінін айтты, деп хабарлайды Almaty. tv тілшісі.

Оның айтуынша, бұл – әлемдік тәжірибеде қалыптасқан ең демократиялық жол. Әрбір Қазақстан азаматы ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мәні мен мазмұнын, болашақтағы рөлін терең түсінгені жөн.

«Қоғам мен мемлекетті одан әрі демократияландыру, құқық үстемдігін нығайту, сондай-ақ саяси жүйені түбегейлі жаңғырту. Осы ірі блоктардың ішінде жекелеген топтарға шоғырланған нормаларды атауға болады. Құқық үстемдігі саласында ең ірі өзгерістерді бірі – Конституциялық сотты құру. Қазіргі кезде Конституциялық сот әлемнің 70-тен астам мемлекетінде жұмыс істейді», – деді Конституциялық кеңестің аппарат басшысы Бақыт Нұрмұханов.