Тұран университетінің студенттері референдумның маңызына тоқталып, пікір алмасты
Ел тарихындағы елеулі оқиғаға 5 күн қалды. Осыған байланысты Тұран университетінің білімгерлері «Конституция бойынша азаматтардың өмірі» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Студенттер референдумның маңызына тоқталып, бір-бірімен пікір алмасты. Жастар жалпыхалықтық дауыс беруді бірауыздан қолдаймыз деп отыр.
«Жаңа өзгерістерден жаңа елді құруымызға мүмкіндік туып тұр. «Мен жастарға сенемін» деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай жастар барып, референдумды қолдау керек деп ойлаймын. Себебі, болашақ жастардың қолында», – деді студент Әсем Сатылғанова.