Алматыда референдумға қолдау көрсету мақсатында қоғамдық штаб құрылады

07.05.2022 02:22

Рахман Алшановтың айтуынша, халық ауқымды саяси өзгерістерге дайын

Almaty.tv

Алматыда референдумға қолдау көрсету мақсатында қоғамдық штаб құрылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Рахман Алшановтың айтуынша, халық ауқымды саяси өзгерістерге дайын. Қоғам қайраткерлері болашағымызды өзіміз шешетін кез келді дейді. Сондықтан елді алда өтетін референдумға жаппай қатысуға үндеп отыр.

«Бір айдың ішінде халық талдауға кірісер. Тікелей қатысуы керек. Ертең сағат 11-00-де баспасөз конференциясын өткіземіз. Алматыдағы белсенді, халқымызға еңбегі сіңген азаматтар жиналып штаб құрамыз деген ойымыз бар. Халық болып қатысайық», – деді ЖОО қауымдастығының президенті Рахман Алшанов.

Ауыл әкімдерін сайлау жүйесінің өзгеруі де демократиялық қоғамға айналудың айғағы болды дейді қайраткерлер. Бұл жүйені енді облыс пен қала әкімдерін сайлауға енгізу туралы да ұсыныстар айтылып жатыр. Сайып келгенде мұның бәрі ашық мемлекет құруға жол ашады деп санайды ел қалаулылары.

«Жаңа Қазақстан құруда басты көтерілген мәселелер деп есептеймін. Алдағы уақытта біздің кемел дамуымызға, еркін ой-пікірді ашық айтуға, халықпен бірге мемлекет құруға  бұл өзгерістердің басты зор», – деді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, жыршы Ұлжан Байбосынова.