Қазақстан халық партиясының өкілдері машина жасау зауытының қызметкерлерімен кездесті
«Референдум әуелі билік үшін емес, халық үшін керек». Алматыда 5 маусым күні өтетін Ата заңға енгізілетін өзгерістерге қатысты түсіндірме жұмыстары жалғасып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Осыған байланысты Қазақстан халық партиясының өкілдері Киров атындағы машина жасау зауытының қызметкерлерімен кездесіп, референдумның мән-маңызына тоқталды. Зауыт қызметкерлері өздерінің көкейде жүрген сан түрлі сауалдарын қойып, жауап алды.
«Алда 5 маусым өтетін референдумге Машина жасау зауытының барлық ұжымы сақадай-сай дайын. Өте жақсы түсіністік бар және билік пен халық арасындағы осындай көзге көрінетін байланысты көріп отырмын. Көптеген сұрақ қойылды. Ұнады. Қазақстан халық партиясының тәжірибесі болып қала бермек», – деді Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.