Алматы қаласы Қоғамдық кеңес мүшелері кәсіпкерлермен кездесті

20.05.2022 00:21

Жиында Конституциядағы өзгерістерге дауыс беруге шақырды

Almaty.tv

Референдумның мән-маңызы кәсіпкерлерге де түсіндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қоғамдық кеңес мүшелері Алматыдағы базар саудагерлерімен кездесіп, Конституциядағы өзгерістерге дауыс беруге шақырды. Жиналғандар бұған қатысты өз ұсыныстарын айтты. Біршама сұрақтар да қойылды.

«Осындағы жұртшылықпен кездесіп, 6-маусымда өтейін деп жатқан референдум жайлы біраз кішкене мағлұмат беріп, сол кісілерге рефрендумның не екенін түсіндірдік. Өкінішке қарай кейбір азаматтар референдумды білмейді. Сондықтан бұған немқұрайлы қараудың қажеті жоқ. Бұл –  біздің Ата заңымыз», – деді қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі Рамазан Бекбол