Алматылықтардың отбасымен келіп, дауыс бергеніне қуанып отырмын – Ақан Бижанов

06.06.2022 00:22

Ел ағалары да елеулі оқиғадан қалыс қалмады

Almaty.tv

Алматы жұрты бүгін референдумға бір кісідей атсалысып, таң атпай өздері тіркелген сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Ал, ел ағалары да елеулі оқиғадан қалыс қалмады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Дауыс беруге келдім. Болашақ – жастардікі. Референдум бірінші кезекте жастарға керек», – деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов.

«Әуезов ауданының 585 сайлау учаскесінде тұрмыз. Халықтың бала-шағасымен, семяларымен келіп, арнайы сайлауға келгенінен қуанып отырмын», – деді қоғам қайраткері, саясаттану ғылымының докторы Ақан Бижанов.