Қаламызда референдумның маңыздылығын түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ұжымымен қалалық мәслихат депутаты кездесіп, Ата заңда өзгеретін бірнеше заңнамаларды айқындап берді.
«Бүгін театр қызметкерлерімен кездесу болды. Жиналғандарға қызықты болды деп ойлаймын. Өйткені біршама сұрақтар мен ұсыныстар түсті. Айта кету керек, өзгерістер өте көп. Сондықтан қазақстандықтарды дауыс беруге шақырамын», – деді қалалық мәслихат депутаты Федор Константинов.