Референдум билік емес, халық үшін керек
«Референдум билік емес, халық үшін керек». «Реставраторлар одағы» қоғамдық қорының президентінің айтуыншы, бұл жолғы саяси науқанның орны бөлек, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ата заңға заман талабына сай түзету енгізілуі заңды құбылыс. Бар-жоғы оншақты күн ғана қалған маңызды датаға қатысу әр азаматтың азаматтық борышы дейді сарапшылар. Яғни тарихтың жаңа тармағы басталатын кезең болмақ.
«Қазақстанда 5 маусымда өтетін референдум, Конституция енгізіліп жатқан өзгерістер халыққа не береді? Оның негізгі мақсатын мамандар айтып жатыр. Бұл референдум халықты араластыра отырып, Конституциямызға өзгерістер енгізу мақсатында болып отырғандықтан, қазақстандықтардың өмірінде ерекше жағдай деп есептеймі», – деді «Реставраторлар одағы» қоғамдық қорының президенті Қанат Тұяқбаев.