Жаңа Қазақстанды құруда реформаларды жаңарту аса маңызды

24.05.2022 01:16

Қалалық прокуратура ардагерлері референдумда дауыс беруге шақырды

Almaty.tv

Жаңа Қазақстанды құруда реформаларды жаңарту аса маңызды. Қалалық прокуратура ардагерлерінің ортақ пікірі осындай, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін олар алдағы айда өтетін жалпыхалықтық шараның маңызын талқылады. Жалпыхалықтық дауыс берудің маңызды екенін атап өтті.

«1995 жылы референдум өтті. Содан кейін 3-4 рет өзгерістер енгізілді. Ал енді қазақстандықтарды 5 маусымда дауыс беруге шақырамын», – деді «ҚР Прокуратурасының Алматы қалалық ардагерлер бірлестігі» ҚБ төрағасы Абай Қалиев.

«Ардагерлер тарапынан кәсіби заңгерлік көмек қажет болғандықтан түсініксіз деген баптарды алып, талдадық. Үндеу ретінде жазып, таратамыз», – деді «Әділдік жолы» РҚБ Алматы қалалық филиалының директоры Бауыржан Мақұлбаев.