Референдум – Ата Заңымызға енгізілетін игі өзгерістердің басты қадамы. Президент бастамаларын қолдау керектігін айтқан жазушы Бибігүл Иманғазинаның пікірі осында, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жалпыхалықтық дауыс беруге сенімі мол қайраткер референдумды асыға күтіп отырғанын айтып, халықты тарихи маңызды сәттен тыс қалмауға шақырды.
«Референдумге бару керек деген сөзді естіген сайын мен таңқалам. Өзіне қиянат жасайтын адам ғана, ұрпағын ойламайтын адам ғана бармайды. Қасым-Жомарт Кемелұлына көзімізді ашқаны үшін, халықтың санасын оятып жатқаны үшін мың да алғыс айта отырып, ол кісінің әрбір сөзіне біз қолдау көрсетуіміз керек», – деді жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Бибі-ана» қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазина.