|
17.05.2022 | 20:52
820

Алматыда қоғамдық штаб өкілдері тігін фабрикасының қызметкерлерімен кездесті

Олар 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысты толыққанды ақпарат берді

Алматыда қоғамдық штаб өкілдері тігін фабрикасының қызметкерлерімен кездесті Almaty.tv

Саяси жүйені түбірімен өзгертіп, мемлекеттік басқару ісіне атсалысу үшін азаматтарға кең мүмкіндіктер беру – Президенттің биылғы Жолдауында айтылған бастамалардың негізгі мақсаты. Жаңа Қазақстанды құруда реформаларды жаңарту маңызды деген Алматы қалалық қоғамдық қолдау штаб мүшелері бүгін «Казлегпром-Алматы» тігін фабрикасының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысты толыққанды ақпарат берді. Ата заңға өзгеріс бұл болашақ үшін қажет деген пікірді ұстанған штаб мүшелері әр азамат жалпыхалықтық дауыс беруге белсенді қатысып, өз таңдауын жасаса дейді.

«Алматы қалалық штаб өкілдері жеңілөнеркәсіп фабрикасына келіп тұрмыз. Бірден көз қуантады. Қазақтың қаншама қыз-келіншектері жұмыспен қамтылып, 4 қабат ғимараттың ішінде нәтижелі жұмыс істеп жатқандығы көрінеді. Халықтың көкейін тесіп жүрген өзекті мәселенің барлығының басы қайырылды. Сондықтан да бүгін мынау жұмысымыз нәтижелі болды деп ойлаймын», – деді референдумды қоғамдық қолдау штабының мүшесі Кенжехан Матыжанов.    

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир