Мен де қатысып, дауыс бердім – Серік Есматов

Халық арасында елдің мәдени дамуына үлес қосқан өнер адамдары да бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум басталғалы алматылық тұрғындар сайлау учаскелеріне ағыла бастады. Мыңдаған халық арасында елдің мәдени дамуына үлес қосып жүрген өнер адамдары да бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар тиісті учаскеге барып, республикалық референдумда дауыс берді.

«Бүгін мен референдумға, өз даусымды беруге келіп отырмын. Бұл, әрине, менің құқығым. Жалпы ойлаймын, әр Қазақстан азаматының азаматтық борышы деп», – деді әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұқасан Шахзадаев.

«Референдум –  еліміз үшін үлкен белес. Бұл ауызбіршілік пен елдің дамуына халықтың, жұдырықтай жұмылып, ат салысуына серпіліс бермек», – деді Н. Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Олег Гостев.

Барша қазақстандық азамат қатысып жатқан референдумда паралимпиадашы Серік Есматов та дауыс берді. Сондай-ақ учаскедегі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кабинадағы жағдаймен танысты.

«Мен де қатысып, дауыс бердім. Тұрғындармен де тілдесіп, көбінің асқан жауапкершілікпен қарап жатқанын байқадым», – деді паралимпиадашы, қалалық мәслихат депутаты Серік Есматов.


Новости партнеров