Алматы қалалық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері кездесті

Almaty.tv
Almaty.tv
Басқосуда референдумға енетін өзгерістер мен толықтырулар талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері арасында өткен кездесуде референдумға енетін өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

«Ата заңға өзгеріс енсе, бұған дейін ескерілмеген жағдайларға қатысты жаңа заңнамалар қабылдауға мүмкіндік туады. Осылайша қоғамда туындаған белгілі бір мәселеге заңдық тұрғыдан жедел әрекет етуге болады»  дейді кәсіпкерлер. Ел болашағына алаңдаған іскер әйелдер бүкілхалықтық дауыс беруге қатысатынын жеткізді.

«Кәсіпкерлер өз мәселесіне алаңдайды. Негізінен бұл Конституциядағы өзгерістер көбіне заңнамалық жағынан өзгерген. Заң дұрысталса, барлық саладағы жұмыс дұрыс іске асырылады деп ойлаймын», – деді қалалық іскер әйелдер қауымдастығының орынбасары Арай Төлемісова.

«Конституцияның 61-бабына да мынадай өзгеріс енбек. Енді халық өміріне немесе қоғамдық тәртіпке қауіп төнетін жағдай туса, егер дәл сол жағдайға қатысты нақты заңнама жоқ болса, сол сәтте жедел әрекет ету үшін Үкімет уақытша нормативтік актілерді қабылдай алады. Бұл нормалар Парламент толықтай тиісті заң шығарғанға дейін күшінде болады. Бұл да қоғамға, әсіресе біздің кәсіпкерлерге қызық болып отыр», – деді қалалық іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Балым Батаева.

Новости партнеров