Қазақстан азаматтары референдумда Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады

19.05.2022 02:42

Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан, Астрахань және Омбы қалаларында сайлау учаскелері ашылады

Қазақстан азаматтары референдумда Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Бас консулдығының жанынан Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан, Астрахань және Омбы қалаларында сайлау учаскелері ашылады. Дауыс берушілер тізіміне ену үшін белгіленген сайлау парағын толтыру қажет. Сайлаушы өзімен бірге төлқұжат немесе жеке куәлік алып баруы керек. 

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.