AMANAT партиясының депутаттары «MetalPromGroup» өнеркәсібінде болды

AMANAT партиясының депутаттары «MetalPromGroup» өнеркәсібінде болды
Компания басшылығы партиялықтарға олардың өнімдеріне мемлекеттік тапсырыстың бар екенін атап өтуді ұсынып, отандық өндірушілерге назар аударуды сұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2009 жылдан бері қазақстандық металл өнімдері нарығында өз қызметін жүзеге асырып келе жатқан Алматы қаласындағы «MetalPromGroup» өнеркәсібінде өңірлерге жұмыс сапары барысында AMANAT партиясының мәжілісмендері Бекқали Торғаев пен Артур Платонов кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Компания басшылығы партиялықтарға олардың өнімдеріне мемлекеттік тапсырыстың бар екенін атап өтуді ұсынып, отандық өндірушілерге назар аударуды сұрады. Мәжілісмендердің пікірінше, бұл шын мәнісінде Қазақстан экономикасының артуына және елдің одан әрі экономикалық дамуына ықпал ететін болады. Оның үстіне, Түркияға сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан адал бәсекелестікті күшейту, жеке меншікті қорғау, экономиканы монополиясыздандыру арқылы экономиканы сапалы жаңғыртуға бағыт алғанын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, партиялықтар компания жұмысшыларына Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар өзара байланысты және біртұтас мақсатқа – суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу үшін құқықтық база құруға, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлуге, Парламенттің рөлі мен мәртебесін арттыруға, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталғанын айтты.

Естеріңізге салсақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің AMANAT партиясы депутаттық фракциясының мүшелері қазіргі уақытта барлық өңірлердің тұрғындарымен конституциялық реформалардың қажеттілігін түсіндіру бойынша кездесіп жатыр.

Новости партнеров