Елімізде өтетін жалпыхалықтық референдумға санаулы күн қалды. Белгілі актер, «Таңғы STUDIO» бағдарламасының жүргізушісі Тәуекел Мүсілім Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv
«Мен Ата заңға енгізілген өзгерістерді қолдап,референдумға барып, дауыс беремін», – деді актер Тәуекел Мүсілім.
Сондай-ақ актер қала тұрғындары мен қонақтарының референдумға қатысты пікірін білді. Мегаполис тұрғындары 5 маусымда дауыс беруге баратындарын жеткізді. Олардың айтуынша, референдум – жаңа өзгерістердің бастамасы.
Алматылықтар мен қала қонақтарының референдум жайлы пікірін толығырақ бейнероликтен көре аласыздар.