Камбар Бекшебаев Алматы жастарын референдумға қатысуға шақырды

03.03.2026 09:03
РСК Алматы

Актер Камбар Бекшебаев Алматы қаласының жастарына маңызды үндеу жасап, Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«15 наурыз – еліміздің тарихына енетін күн. Барлық достарымды, Алматы жастарын белсенділік танытуға шақырамын. Келіңіздер, бірге талқылап, өз таңдауымызды жасайық. Себебі Конституция – Қазақстанның болашағының берік іргетасы», – деді актер.

Камбар Бекшебаев дауыс беруге қатысу әр азаматтың тек құқығы ғана емес, сонымен қатар ел мен келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, әр дауыс маңызды және ол мықты, әділетті әрі заманауи Қазақстанды қалыптастыруға үлес қосады.