QazPost-тың Алматыдағы бөлімшесі Жаңа Конституция мен референдумды қолдады

02.03.2026 12:40
кадр из видео

15 наурызда өтетін республикалық референдумның алдында QazPost-тың Алматыдағы бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстанның конституциясына енгізілетін жаңалықтарды толық қолдайтындарын бірауыздан мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біздің жұмысымыз елдің әр тұрғынымен байланыстыратын көпір сияқты. Біз әр хат пен пакетті Қазақстанның бұрыш-бұрышына жеткіземіз, сондықтан  маңызды өзгерістен біз де тыс қалмаймыз», – дейді бөлімше қызметкерлері.

Олардың сөзінше, жаңа құжат тұрақтылық пен әділдікке жол ашады, сондықтан референдумға қатысу – әр азаматтың міндеті.

«Біз Алматының барлық тұрғындарын Қазақстанның болашағына айқындауға атсалысып, дауыс беруге шақырамыз», – деп атап өтті QazPost.

15 наурыздағы референдум мемлекеттің институттарын нығайтатын маңызды қадам болады, еліміздегі үлкен пошта желісінің қызметкерлерінің оны қолдауы – осы тарихи сәттің қоғам үшін маңызды екенін көрсетті.

Оқи отырыңыз: Жастар белсенділікті таңдайды: Алматыда референдумды қолдауға арналған бастамалар басталды