Челлендж қатысушылары азаматтық ұстанымды білдірудің маңызды екенін айтты
Дауыс беру күні студенттер, еріктілер және әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары сайлау учаскелерінен қысқа бейнежазбалар, стористер мен жазбалар жариялап, маңызды оқиғада алған әсері мен эмоциясын бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Челлендж қатысушылары учаскелерге қалай келгенін көрсетіп, азаматтық ұстанымды білдірудің неге маңызды екенін айтып, эстафетаны достары мен жазылушыларына жолдап жатыр. Көпшілігі #ЯидуНаРеферендум және #АлматыГолосует хэштегтерін қолданып, достарын белгілеп, оларды да акцияға қосылуға шақырған.
Осы челлендждің арқасында жастар белсенділік көрсетіп қана қоймай, қоғамдық талқылауды цифрлық кеңістікке де шығарып отыр.
Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың айтуынша, «Мен референдумға барамын» челленджінің басты мақсаты – дауыс беруге қатысу саналы, заманауи әрі біріктіруші әрекет екенін көрсету.
Бұл күні әлеуметтік желілер азаматтық диалог алаңына айналып, онда алматылық жастар тәжірибесін бөлісіп, бір-бірін белсенді болуға және елдің болашағына бей-жай қарамауға шақырып отыр.
Оқи отырыңыз: Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде «Әжелер хоры» ән айтып, шашу шашылды