Алматыда жаңа Конституция жобасы талқылады

23.02.2026 19:00
Almaty.tv

Алматыда Парламент Сенаторлары жаңа Конституция жобасы аясында ерекше қажеттілігі бар азаматтардың құқығын қорғау мәселелерін талқылау үшін сала мамандарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиын барысында Ата Заңға енгізілуі мүмкін өзгерістер, негізгі бағыттар таныстырылып, оның әлеуметтік мазмұнына баса назар аударылды. Жаңа құжатта адамдардың денсаулық жағдайына немесе өзге де заңды негіздерге байланысты әлеуметтік қолдау кепілдіктерін күшейту көзделгені айтылды. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тең жағдай жасау, қолжетімді орта қалыптастыру және құқықтарын толық жүзеге асыру – басым міндеттердің бірі. Басқосуда саланың құқықтық және әлеуметтік тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар ортаға салынды.       

«Жаңа Конституция – қайта жаңғыру. Жаһандағы өзгерістерге сай, Ата Заң да сол жаңашылдықтарға бет бұруы тиіс деген пікір туды. Қазір біз күнделікті осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Халықтың сұрағы көп, барлығына жауап беруге тырысып жатырмы», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрия Ниязова.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында пәтер тонаған қылмыстық топ қолға түсті