Алматыдағы Думан шағынауданында ұлттық киім киген аға буын өкілдері дауыс беруге келді

15.03.2026 12:34

Олардың айтуынша, референдумға қатысу – ел өміріндегі маңызды оқиғалардан шет қалмаудың бір мүмкіндігі

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Медеу ауданындағы Думан шағынауданында референдум учаскесіне ұлттық киім киген аға буын өкілдері келді. Олардың қатарында «Думан сазы» халық ансамблінің қатысушылары да бар,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Егде жастағы тұрғындар жарқын ұлттық киімдерімен дауыс берушілердің назарын аударып, учаскеде ерекше атмосфера қалыптастырды.

Олардың айтуынша, референдумға қатысу – өз ұстанымын білдіріп, ел өміріндегі маңызды оқиғалардан шет қалмаудың бір мүмкіндігі.

Жалпы Медеу ауданында дауыс беру белсенді өтіп жатыр – түрлі жастағы тұрғындар референдум учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы референдум күнінің алғашқы жартысы: суперқаһармандар, ұлттық киім мен алып қуыршақтар