Алматыда теміржолшылар әулеті референдумда дауыс берді

15.03.2026 10:58

Бүгін Алматыда 653 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда теміржолшылар әулетінің өкілдері дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Медеу ауданында республикалық референдумға теміржолшылар әулетінің өкілдері – Қапышевтер отбасы қатысты.

Ерлі-зайыптылар 50 жылдан астам уақыт бірге өмір сүріп, отбасылық құндылықтарды, өзара сыйластықты және кәсібіне деген адалдықты сақтап келеді. Олар сайлау учаскесіне бірге келіп, дауыс беруге қатысты.

Қапышевтердің айтуынша, референдумға қатысу – ел үшін маңызды мәселеге қатысты пікір білдірудің бір жолы.

Еске салайық, бүгін Алматыда 653 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беру заңнама талаптарына сәйкес өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы №361 сайлау учаскесінде отбасыларды қуыршақ театры мен ұзын бойлы қуыршақтар қарсы алды