Алматының 101 жастағы тұрғыны референдумда дауыс берді

15.03.2026 09:51

Кәмилә апа шөбересімен бірге сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге қатысты

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Наурызбай ауданында республикалық референдумға ғасыр жасаған тұрғын – Кәмилә Қосумаева қатысты. Биыл ол 101 жасқа толады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жасына қарамастан, Кәмилә апа шөбересімен бірге сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге қатысты.

Кәмилә Қосумаева Ұлы Отан соғысы жылдары ел игілігі үшін тер төккен буынның өкілі. Оның айтуынша, ол ел үшін маңызды оқиғалардың ешқайсысынан қалмауға тырысады.

«Мен әрдайым дауыс беруге келуге тырысамын. Әр адам қатысып, таңдау жасау керек деп есептеймін», — деді ол.

Учаскеде ғасыр жасаған әженің келуі көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Тұрғындар мен комиссия мүшелері оның үлгісі аға буынның елге деген құрметі мен жауапкершілігін көрсететінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Ақын Әділғазы Қайырбеков Алматыда референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді